Жаңалықтар

2018 жыл 8 қазан 

Астана қ.

Астанада Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенциясының Тараптары Кеңесінің сегізінші сессиясына алғаш рет 500-ден астам сарапшы, БҰҰ мүше 90-ға жуық елінің министрлері, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық ғылыми топтар жиналады.

2018 жылғы 5 қазанындағы Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауындағы тапсырмасына сәйкес, еңбек өнімділігі мен өңделген ауылшаруашылық өнімін 2022 жылға дейін 2,5 есеге арттыру, ал оларды іске асырудағы міндеттерінің бірі суармалы егіншілікті одан әрі дамыту болып табылады. Елдің оңтүстік өңірлерінде суармалы егіншілік шекарааралық өзендер туралы шарттар шеңберінде көршілес мемлекеттермен тығыз ынтымақтастықта дамуда және Қазақстан Республикасы үшін аса өзекті. Қатысушылардың көп саны мен өкілдердің жоғары деңгейі, Қазақстанның су ресурстарына өсіп келе жатқан жүктеме жағдайында шекарааралық су ынтымақтастығын нығайтуға баса назар аударатынын білдіреді.

Талқылау барысында климаттың өзгеруіне бейімделу, су ресурстары, азық-түлік, энергия және экожүйелер арасындағы байланыс жүйесі, трансшекаралық су ынтымақтастығының тиімділігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік және есептілік мәселелері қаралады. Сондай-ақ Трансшекаралық бассейндік басқарудың тиімділігі мен тұрақтылығын арттырудың негізгі аспектісі болып табылатын қаржыландыру сияқты мүлде жаңа сын-қатерлер айтылады.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев өз сөзінде Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев трансшекаралық ынтымақтастық мәселелеріне, оның ішінде өңірдің барлық халықтарының ортақ игілігі мен байлығы болып табылатын трансшекаралық су ресурстарына ерекше көңіл бөлетінің айтты. Қазақстан халықаралық құқық нормаларына негізделген өркениетті мемлекетаралық су қатынастарын қалыптастыруын ұстанады.  Конвенция Хатшылығының жетекшісі Франческа Бернардини өз сөзінде Қазақстан мен ел басшылығына осындай халықаралық алаңның жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс айтып, барлық аймақтық және әлемдік интеграциялық процестерінде Қазақстан Республикасының маңызды рөлін атап өтті. Спикер сондай-ақ, Қазақстанның арқасында Шекараралық сулар жөніндегі Конвенцияның Тараптары Кеңесінің сессиясы құрлықтың азиялық бөлігінде алғаш рет өтетінін мәлімдеді.

Тараптар Кеңесінде бірқатар шешімдер мен құжаттар, оның ішінде Конвенцияның болашақ жұмысын айқындайтын екі негізгі құжат – "Конвенцияны жаһандық деңгейде жүзеге асыру стратегиясы" және "2019-2021 жылдарға арналған Конвенция жұмысының бағдарламасы" қабылданады.

Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенциясының Тараптары Кеңесінің сегізінші сессиясы 2018 жылғы 10-12 қазан аралығында Астана қаласындағы ЭКСПО Конгресс-орталығында өтеді.

ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігінің

баспасөз қызметі тел. 8 (7172) 555-947, 555-765

minagriЭтот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

11.10.18

11.10.18

 

Ұйымдастырушылар

unece kazakstan water